13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі жылу қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын пысықтады

24 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі жылу қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын пысықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Шаһар басшысы аралау барысында Қаратау ауданы, ӘІО-та орналасқан қуаттылығы 160 ГКал болатын қазандықты жаңғырту және Назарбеков көшесіндегі жылу желілерін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмысын бақылады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жылу қазандықтардың алдағы жылу беру маусымына дайындығымен танысты. Шаһар басшысы аралау барысында Қаратау ауданы, ӘІО-та орналасқан қуаттылығы 160 ГКал болатын қазандықты жаңғырту және Назарбеков көшесіндегі жылу желілерін ағымдағы жөндеуден өткізу жұмысын бақылады.

Әкім сонымен қатар, «Тұран» және «Шымкент сити» шағынауданындағы жылу қазандықтары мен оған қажет құрал-жабдықтарды дайындау барысын тексерді. Жылыту маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент ситидегі» қазандықтың қуаттылығы арттырылды. Сондай-ақ, Тұран мен Әл-Фараби аудандарындағы “РК-2”және “Мотор” сорғы станцияларының дайындығын да тексерді . Бұл нысанда да қыста жылу қуатын арттыру мақсатында «РК-2» сорғы станциясына қазандық орнатылды. (ЖЭО-3 шеткі нүктесі) Одан әрі қала әкімі Еңбекші ауданында «3-Энергоорталық» АҚ ЖЭО-3-те болды. Мұнда турбогенератор мен қазандықтар жөндеуден өтіп жатыр екен.

Барлық жұмыстармен танысқан қала басшысы салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлық қазандықтар жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, А-2 айналма жолының жетінші кезеңінің құрылысын аралап, қоғамдық көлікке қатысты пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысын бақылады. Айта кететін жайт, бұл жоба бойынша аялдамаларға электронды дисплей орнатылады. Бұл құрылғы азаматтарға өз бағытын жоспарлауға және автобустың келу уақытын есептеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Previous Post

Шымкентте субұрқақтарға жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАР БОЙЫНША ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі