13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​Шымкентте 15 мыңға жуық бюджеттік қызметшінің жалақысы көбейді

23 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
​Шымкентте 15 мыңға жуық бюджеттік қызметшінің жалақысы көбейді
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың тиімділігінің басты өлшемі – тұрғындар табысының артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруы. Бұл ретте Мемлекет басшысы экономиканың өсімін халықтың өмір сапасына тікелей әсер ету қажеттігін жеткізіп, нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы орайда Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерімен қатар жергілікті бюджеттің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда бюджет көлемі 764 млрд теңгені құрап, соңғы 6 жылда 5,2 есеге өсті. Осыған орай, өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 15 мыңға жуық қызметшінің жалақысына қосымша 22 000 теңге ынталандыру үстемеақысы тағайындалған болатын. Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемі 140 000 теңгеден асты. Халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мұндай игілікті бастамалар қала кәсіпкерлері тарапынан да қолдау тауып, бірқатар жеке сектордағы жалақы көрсеткіші де артып келеді.

ОСы кезде Үкімет ең төменгі жалақыны белгілеуге қатысты конвенцияны ратификациялауға ниетті. Министрлер кабинеті «Ашық НҚА» сайтында тиісті заң жобасы қоғамдық талқылау шықты. Заң жобасы қабылданса, Қазақстандағы ең төменгі жалақы 129 731 теңге 50 тиын болады.

Бұл сома халықаралық еңбек ұйымының бас конференциясында қабылданған дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенциядан шықты.

Конвенция бойынша ең төменгі жалақы деңгейін анықтау кезінде бірнеше фактор ескеріледі:

Елдегі жалақының жалпы деңгейін, өмір сүру құнын, әлеуметтік төлем және басқа әлеуметтік топтардың салыстырмалы өмір сүру деңгейін ескере отырып, жұмысшылар мен олардың отбасыларының қажеттіліктері;

Экономикалық даму талаптарын, өнімділік деңгейлерін және жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу мен қолдауды қажет ететін экономикалық пікірлер.

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған заң жобасына түсіндірме хатта жобаны қабылдауға халықаралық шарттары әсер еткені айтылады.

Қазіргі уақытта конвенцияны халықаралық еңбек ұйымына мүше 54 мемлекет ратификациялады. ТМД елдерінің ішінде құжатқа Армения мен Әзірбайжан қол қойды.

Экономист Әнел Даулетқалиева ең төменгі жалақыны анықтау тәсілдері ел экономикасының, еңбек нарығының ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты екенін айтады. Әлемдік тәжірибеде ең төменгі жалақының сәйкестігін бағалау үшін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Ең кең таралғаны – Кайц индексі. Бұл – ең төменгі жалақының орташа жалақыға қатынасы, оны ХЕҰ 50% деңгейде қолдануға ұсынады.

Көптеген елдер бұл көрсеткішті артып жатыр. Мысалы, Португалияда Кайц индексі – 70%, Польшада – 63%, Боливияда – 66%, Чилиде – 66%, Эквадорда – 88%.

Қазақстанда ұзақ уақыт бойы ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді, тек 2019 жылы ғана ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болды, яғни 42,5 мың теңге болып белгіленді.

 

Previous Post

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ: Шымкентте дәстүрлі байқау он бірінші рет өткізілгелі отыр

Next Post

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫ: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАТЫН БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі