13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Қауіпсіз жол» акциясы ұйымдастырылды

19 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «Қауіпсіз жол» акциясы ұйымдастырылды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ — ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ.   Балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Жол қауіпсіздігі – көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жол ережесін сақтау — қауіпсіздік кепілі, ережені сақтау — баршаның міндеті. Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз жол» акция аясында қала тұрғындарын жол жүру ережелерімен таныстыру және жолда апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Әл-Фараби алаңында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары мен жастарын жаяу жүргіншіге арналған жол, бағдаршам өтпелі, скутер (мопед) жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болды.

Іс-шара барысында полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен жастарына жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту ережелерін, жол қауіпсіздік белгілерінің мағынасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, электрсамокат, скутер, мопед жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын көрсетіп, жолда жүру ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

-Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі — жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, жүргізуші тәртібінің төмендігі. Жыл басынан бері ЖКО 6 есеге өскен. Оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан жол апаты да толастамай отыр. Олардың дені мопед, самокаттардың қатысуымен. Осыған байланысты жол қауіпсіздігі сауаттылығы бойынша жедел профилактикалық жұмыстарды үнемі өткіземіз, — дейді Шымкент қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының патрульдік полиция портының әкімшілік практика тобының инспекторы полиция майоры Азамат Шайдербеков.

Previous Post

Қазақстан мен Тәжікстан 2025-2027 жылдарға арналған екіжақты тауар айналымын ұлғайту жөніндегі Жол картасына қол қоюға дайындалуда

Next Post

Туляремияның алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check