13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді

16 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚР Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовтің Шымкент қаласына жұмыс сапары басталды. Сапар барысында мәжіліс қабырғасында қызу талқыланған «халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» мәселесі аясында депутат «МARAI» зауытына барып, бүгінде еліміздің басым тұрғыны тұтынатын медицининалық бұйымдардың халықаралық стандартқа сай өндірілуімен, сақталуымен танысты.

Сонымен қатар, нарықты бағындыруда отандық кәсіпкерлер қандай кедергілерге тап болатынын білу мақсатында «АзияТрафо» зауытының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында шымкенттік кәсіпкерлер нормативтік-құқықтық құжаттардың, құзырлы министрліктердің бұйрықтарының кесірінен үлкен кедергілерге тап болғанын жеткізді. Мәселе депутаттың және Respublica партиясы Шымкент қалалық филиалының жіті бақылауына алынды. Жігерлі жастар — жарқын болашақтың кепілдігі. Елдің ертеңі үшін ерінбей еңбек ететін ерлерді өзіміз тәрбиелеуіміз қажет. Respublica партиясының депутаты Руслан Берденов ұлтқа қызмет, қоғамның дертіне айналған құмар ойындардың зияны жайлы, жалпы республика көлемінде 5 мыңға жуық жастарға мотивациялық тренинг өткізген. Осы дәстүр аясында Шымкентте 150-дан астам студент және жас кәсіпкерлермен кездесті. 2 сағатқа созылған жиында оларға жігерлендіретін әңгіме өрбітіп, толғандырған сұрақтарырына жауап берді.

Бұдан бөлек, қоғамды алаңдатқан өткір мәселелерді көтеріп жүрген азаматтың Шымкент қаласына келгенін естіген ана арнайы келіп, Руслан Берденовке кішкентай батырдың тұсауын кестірді. Айта кетсек, Respublica партиясының да өз бағдарламасында халқымыздың бай мұрасын, құндылықтарын дәріптеу басым бағыттардың бірі. Бүгінде халыққа қызмет көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар стратегиялық нысан болып табылатын ғимараттарға қатысты тұрғындар тарапынан көп шағым түседі. Осы кемшіліктер қалай жойылып жатқанын көру мақсатында депутат Шымкент қаласының жаңа əуежайының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Халықаралық стандартқа сай 37 мың шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 95 пайызға дайын. Ол бірден 2 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсете алады. Жоспарға сәйкес әуежайдың техникашық ашылуы 15-ші тамызға жоспарланған. Толық іске қосылуы биыл қыркүйек айында күтілуде.

Previous Post

Түрік компаниялары Қазақстанда көшбасшы инвесторлар қатарында

Next Post

ПАРК КЕН БАБА ВОЗВРАЩАЮТ В ГОСУДАРСТВЕННУЮ СОБСТВЕННОСТЬ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі