13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ СЭБ БАСҚАРМАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

16 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ СЭБ БАСҚАРМАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен кезекті лездемелік жиын өтті. Жиын барысында Ордабасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында өткен көшпелі алқа жиынының қорытындысы бойынша анықталған өзекті мәселелер талқыланды. Департамент басшысының орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, күрмеулі түйіткілдер туралы баяндады.

– Аса қауіпті инфекция және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау, білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау, коммуналдық обьектілерді бақылау, инфекциялық, паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау және ұйымдастыру жұмысы қызметті талдау сынды бөлімдерінің басшылары жыл басынан бері атқарған жұмыстарын қарап шықтық. Кемшіліктер көп. Оларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізілсін. Сонымен қатар, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық, инфекциялық, паразиттік аурулардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру қажет, — деген департамент басшысы Ордабасы аудандық СЭББ басшысына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Лездемелік жиынға облыстық департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары және аумақтық басқарма басшылары қатысты. Жиын қорытындысымен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы қызметкерлерге білімдерін үнемі жетілдіріп отыру, жаңашылдыққа ізденіс, мемлекеттік қызмет әдебін сақтау, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, халыққа заң шеңберінде сапалы қызмет ету керектігі айтылды.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

Previous Post

ПАРК КЕН БАБА ВОЗВРАЩАЮТ В ГОСУДАРСТВЕННУЮ СОБСТВЕННОСТЬ

Next Post

ШЫМКЕНТ: КЕҢ БАБА САЯБАҒЫ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі