Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың бұйрығымен Бәйдібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына Өмірзақов Досберген Қуатұлы тағайындалды.
Досберген Қуатұлы 1994 жылы дүниеге келген. Білім жоғары. Мамандығы — қоғамдық денсаулық сақтау. Еңбек жолын 2016 жылы Түлкібас аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маман болып бастаған. Кейіннен Сайрам аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімі бас маманы, Сайрам аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Ордабасы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бүгінге күнге дейін Ордабасы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы