13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Сенатор «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» сауықтыру орталығының жұмысымен танысты  

11 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Сенатор «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» сауықтыру орталығының жұмысымен танысты  
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Парламенті демалыста. Бірақ, депутаттар осы қолайлы сәтті пайдаланып, халықпен жүздесіп жүр. Халық қалаулылары елдің ұсыныс пікірін тыңдап, өзектісін Парламент қабырғасында көтереді.
Осындай жақсы жүздесу сенатор Айгүл Қапбарованың «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» сауықтыру орталығында өтті. Мекеме 70 орынға лайықталған, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алды. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. 2023 жылдың қарашысында іске қосылған сауықтыру кешені жасы бойынша зейнетке шыққан азаматтардың қысқа мерзімде демалуы мен емделуін жүзеге асыру мақсатында құрылған. Мекеме 70 орынға лайықталып, жыл басынан бері 962 зейнеткер сауықтыру қызметін алды. Ем алушылар мекемеге түскен сәттен бастап дәрігерлердің қабылдауында болып, денсаулығы мен жасы ескеріліп, емдік іс-шараларды тағайындалады. Дәрігерлердің ұсынуынан кейін электромагнитті терапия, сумен емдеу, ЕДШ, дәрілік шөптердің тұнбалары демалушыларға ұсынылады. Ал, физиотерапия бөлмесінде электрофорез, вибромассаж, миостимулятор, ингалятор, массаждық орындық пен кереует, аяқ массажеры, тағы да мамандардың көмегімен емдік шаралар жүргізіледі. Қызмет алушылардың мәдени тынығуы үшін қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі мекемесінің «Абай» атындағы №5 кітапхана бөлімшесімен меморандум түзіліп, бірігіп іс- шаралар өткізіледі. Кітаптар қорын кітапхананың осы бөлімшесі толықтырып тұрады. Демалушыларға 5 мезгіл уақытылы және ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады. Сенатор Айгүл Жарылқасынқызы сауықтыру кешенін аралау барысында қызмет алушылар жасалып жатқан жағдай үшін алғысын айтып, өз ризашылығын жеткізді.

Previous Post

ЕРІКТІЛЕР ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Next Post

Шымкентте 100-ге жуық адам буынын алмастырылған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі