13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАНЫ АРАЛАП, БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛДЫ

10 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАНЫ АРАЛАП, БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланың бірнеше нысанды аралады. Нұртас шағынауданы Ақсұңқар көшесінің тұрғындарымен тілдесіп, түйткілді мәселелерімен танысты. Әкіммен кездесу барысында қала тұрғындары жарықтандыру, суару жүйесі мен жол белгілерінің жоқтығына шағымданды. Осыған орай әкім жауапты мамандарға суды соруға арналған сорғы қондырғыларының жалпы қуатын арттыру бойынша нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, шаһар басшысы Тұран ауданында салынып жатқан жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысын және “№6 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы” ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Жұмыс барысымен танысқан әкім салалық басқарма басшыларына барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұдан бөлек шаһар басшысы «№9 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» болды. Мұнда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар I-II топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Аралау барысында ғимараттың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін тексерді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қызылжар» шағынауданы тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалдырмады . Жергілікті тұрғындар балалар мен спорт алаңы бар демалыс аймағын салуды сұраған болатын. Қала басшысы аудан әкіміне тұрғындардың талап-тілектерін ескере отырып, аумақты абаттандыру міндетін жүктеді. Одан әрі Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы мәдениет үйінің құрылыс барысына барды. Бұл нысанды жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы мердігер ұйым өкілдеріне мекемеге іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға баса назар аудару қажеттігін айтты.

Previous Post

«Игі істер марафоны» жобасы бастау алды

Next Post

Қазақстан мен Люксембург сыртқы істер министрліктері саяси консультациялар өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі