13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарлануда

3 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарлануда
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков те қаланың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық ахуалы туралы баяндады.

«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер өткізілген. Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың күз мезгілінде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясында айтты. Сондай-ақ, Қытай-Еуропа жүк пойызының, Сиань әуежайы мен шымкенттік «SCAT» әуе компаниясы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып логистикалық хабтарды салу, әуе бағыттарын біріктіру, алмасуды және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы құрлықтық, әуе және цифрлық Жібек жолын құру мәселелері талқыланған. 2024 жылдың 26 маусымында Үрімші қаласында «Тату көршілік пен достық, өзара тиімді ынтымақтастық» тақырыбында өткен «Қазақстан – Қытай үшінші өңіраралық ынтымақтастық форумына» қатысты. Аталған форумға қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин бастаған делегация болды. Іс-шараның бірінші бөлігінде екі елдің ресми өкілдері екіжақты ынтымақтастық бойынша сөз сөйледі. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков те қаланың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық ахуалы туралы баяндады. Форумның екінші бөлігінде екі елдің кәсіпкерлері арасында кездесулер өтті, маңызды құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, форумның барлық қатысушылары «Қытай-Еуразия» халықаралық ЭКСПО көрмесін тамашалады. Көрмеде қытайлық нарыққа шығару мақсатында еліміздің әр өңірінен 40-тан астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: делегация қытайлық 6 ірі компаниялармен кездесулер өткізген

Next Post

ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: форумда жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі