13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Nur Otan» : Отырар ауданында шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда

5 января, 2021
in Cаясат
0
«Nur Otan» : Отырар ауданында шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

«NurOtan» партиясынан Отырар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әділжан Құртаев пен Мырзахан Манапов Қоғам ауылдық округіндегі қарқынды бау ісін қолға алған «Отырар-Құрал» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Алма өсіру мен айналысатын серіктестік 2019 жылы құрылған. Жобаның инвестициялық құны 200 млн. теңгені құрайды. Серіктестіктің меншігінде 50 гектар жер болса, оның 12 гектарына 32 мың дана алма ағашының көшеті отырғызылған. Қазіргі таңда, бауда алманың Ред делишес, Голден делишес, Гала, Гренни смит сорттары егілген.

Қожалық жұмысымен танысқан үміткерлер одан әрі «Жанға шипа» медициналық орталығында болды. Аудан орталығында орналасқан «Жанға шипа» медициналық орталығы заманауи медициналық қызмет аясын қамтыған. Онда да физикалық кабинет бар. Кардиограмма, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары дұрыс диагноз қоюға септігін тигізеді. Мамандар да жоғары біліктілікке ие. Сондықтан, аймақта сапалы мединалық қызмет көрсету ісі дұрыс жолға қойылған.

Жалпы шағын және орта бизнесті дамыту – аудан экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Сондықтан «NurOtan» партиясы алдағы 5 жылда «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс МҚҰ» ЖШС,«АШҚҚҚ» АҚ-ның ОҚО филиалы, Аграрлық несие корпорациясы және шағын несие ұйымдары арқылы 2453 жобаны несиелендіруге, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнесін жаңадан бастау үшін 5 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 250-ден аса азаматтардың гранттар (100) мен шағын несиелер (150) алуына,«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 40 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына) жүзеге асыруға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 100-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға, ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 35,6%-дан 2025 жылы 36,3%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 36,3%-ға немесе саны 5,6 мыңға жетіп, ондағы жұмыскерлер саны 7,6 мыңға артады.

Аралау барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырған үміткерлер сайлаушыларды алдағы саяси додада партияны қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Отырар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanТүркістан облысы
Previous Post

«Nur Otan» : Отырарда ірі қара малдың саны 5100 басқа артады

Next Post

Сенат депутаттары Шымкентте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі