13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбында профилактикалық іс шара өтті

27 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тақырыбында профилактикалық іс шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы ҚР ІІМ-нің Б. Момышұлы оқу орталығында әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тақырыбында профилактикалық іс шара өтті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын жарлықпен бекітті. Ол Жоспардың шеңберінде ІІМ-де тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылады. Осы жоспарда қылмыстық теріс қылықтарды тергеу рәсімін оңайлату көзделген. Қазірдің өзінде біз қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа нормаларына ден қою және тергеу алгоритмін әзірлеп жатырмыз, бұл ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипатта тиісу, суицидті насихаттау. Сот белгілеген құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды орындау тетігі пысықталуда. Барлық өңірлерде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша ведомствоаралық мобильді топтар құрылды, олардың шеңберінде біз, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтауға баса назар аударамыз. Білім министрлігімен бірлесіп кәмелетке толмағандарға қатысты буллингке ден қою алгоритмі пысықталуда. Енді Қазақстанда әйелді ұрғаны үшін қандай жаза қолданылады? (бұл жаңа нормалар әйел ғана емес кез келген азаматқа қатысты осы құқық бұзушылықтар жасалса қолданылады) Ұрып-соғу (ҚР ҚК 109-1 бабы) — 80 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 80 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу — 25 күн. 2-бөлігі бойынша — 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 200 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу — 50 күн. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР ҚК 108-1 бабы) — 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету. жұмыстары, 200 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу — 50 күн. 2-бөлігі бойынша — 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 600 сағат қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру.

Previous Post

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА ӨТТІ

Next Post

Қазақстанға ҚХР ШҰАА Гонконг пен Макаоның ірі компанияларымен ынтымақтастықты ұсынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі