13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЭКО-АКЦИЯҒА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНДАРЫ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ

10 июля, 2024
in Жаңалықтар
0
ЭКО-АКЦИЯҒА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНДАРЫ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету, қоғамда экологиялық мәдениетті және экологиялық сауаттылықты қалыптастыра отырып болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу болып табылады.

Аталған бастамаға Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де өз үлесін қоса білді. Атап айтқанда департамент басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлының тапсырмасымен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз аулалары мен іргелес аумақта ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып тазалау жұмыстарына белсенді атсалысты.

Экоакцияның алғашқы аптасында яғни, «Таза өлке» апталығында басқарма мамандары аудан, қаланың тазалығы үшін сенбілік жұмыстарына қатысқан болса, «Киелі мекен» апталығында басқарма мамандары жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден, күл-қоқыстардан тазалады.

Сонымен қатар, тазалық акциясының «Жасыл аймақ» тақырыбындағы сенбілігінде ағаш көшеттері отырғызып, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары экоакцияның «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» апталықтарында да белсенді атсалысып, қоршаған ортаның абаттануына өз үлестерін қосты.

Айта кететіні қоршаған ортаны таза ұстау оған жанашырлықпен, құрметпен қарау әрбір адамның міндеті. Сондықтан Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды туған жерді таза ұстауға, елді көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырады.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы

 

Previous Post

Кәсіпкерлер палатасында балабақшаларды тексеруге қатысты жиын өтті

Next Post

«Игі істер марафоны» жобасы бастау алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі