13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

20 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Tulip hall» көпфункционалды кешенінде Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бүгін Шымкентте қала күні мерекесіне орай Шымсити шағынауданынында бой көтерген сыйымдылығы — 2066 орындық заманауи үлгідегі мәдени орталық «Tulip Hall» ғимараты пайдалануға беріліп, алғашқы мерекелік концертін қойды. Қызғалдақ ғимаратының ашылуы Шымкент халқы үшін қала күніне арналған мерекелік тарту болды. «Tulip Hall» ғимаратының ашылу салтанатында «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында көрме жасақталып, келушілерге шаһардың өткені мен бүгінін, қаланың қалыптасу жолы мен келешегін көрсететін фото туындылар таныстырылды. Салтанатты шарада қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қала мәслихатының төрағасы Бақадыр Нарымбетов қатысып, қала халқын “Қала күні” мерекесімен құттықтап, қаламызға еңбегі сіңген түрлі сала үздіктерін Шымкент қаласының “Құрметті азаматы” атағымен марапаттады.

Концерттік бағдарламада әлемнің классикалық музыка қорынан ең үздік шығармалар орындалса, қазақтың классик композиторлары Е.Хасанғалиев, Е.Шакеев, Е.Серікбаев, Қ.Сапарбаевтың туындылары көрермен қауымның назарына ұсынды. Шараға Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты Талғат Күзембаев, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Сәкен Майғазиев, Данияр Барыс, Али Сұлтан әннен шашу шашты. Сонымен қатар, қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Опера және балет театрының солисті Жұмабек Қаңтарбаев және хор ұжымы, опера балет труппасы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен «Қаған» этно-фольклорлық, вокалды-аспапты ансамбльдері, «Қазына» және заманауи би ансамбльдері, домбырашылар ансамблі, көрерменді ән- күймен тербеді. Іс-шараға қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Previous Post

 Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі PepsiСo азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының Президенті Давид Манзинимен кездесті

Next Post

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі