13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жаңа неке қию залы ашылды

28 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жаңа неке қию залы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент тұрғындары енді жаңа салтанат залында неке қию рәсімін өткізе алады. Бұл жерде неке қиюдан бөлек, баланың туу туралы куәлігін де табыстайды. Сонымен қатар, отбасылық өмірдің мерейтойларын салтанатты түрде атап өтуге болады.

«Жаңа, заманауи және кең зал қаламыздың көрнекті белгісіне айналады деп сенемін. Бұл жерде шымкенттіктер жаңа отбасының шаңырақ көтеру күнін ғана емес, сонымен қатар күміс, алтын және гауһар тойларын да салтанатты түрде атап өте алады», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева.

Салтанатты іс-шараларды өткізу үшін кең зал жабдықталған, сондай-ақ, қалыңдық пен күйеу жігітке арналған бөлме бар. Салтанатты рәсімді АХАТ қызметкері өткізеді. Сонымен қатар, некені барып тіркеу қызметі де қарастырылған.

Бұл қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Рәсімге ақы төлеу прейскурант бойынша жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді. Некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ, электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.

Анықтама:
АХАЖ бөлімінің мекенжайы, Асар-2, «Tolebi» СО
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Previous Post

Қазақстанға ҚХР ШҰАА Гонконг пен Макаоның ірі компанияларымен ынтымақтастықты ұсынады

Next Post

ТҮРКІСТАНДА КӨШПЕЛІ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі