13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Nur Otan»: Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты ұлғаяды

4 января, 2021
in Cаясат
0
«Nur Otan»: Түркістан облысында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты ұлғаяды
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылдардың еңсесін тіктеуге басымдық беріп отыр. Бұл туралы жетекші партия атынан  Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Ғабиден Қапалбаев Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян елдімекеніндегі кездесуде айтты.

Кездесуде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ш.Жамалбеков, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы», «Зейнеткер»  газетінің бас редакторы С.Тұржан, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» Бәйдібек ауданы мәслихатының депутаты Б.Қалаубай және  «Algabas» газетінің бас редакторы А.Әділбековтер сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясының жетістіктері, алға қойған мақсаттары туралы айтып, жиынға келген үміткерлерге сәттілік тілей отыра, сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бәйдібек ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының төрағасы Т.Дүйсенбеков, партияның сайлауалды бағдарламасының дамудың жеті басымдығы жайлы және   Бәйдібек ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарта түсуге жағдай жасау, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатынын айтып өтті.

Ғабиден Қапалбаевтың айтуынша,  Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы ауылдарды дамытуға айрықша мән беріп отыр.

Партия бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе, АӨК өнімінің экспорты 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Бұл ретте Түркістан облысы фермерлері өнімдерінің де экспорты артпақ. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз. 3500-ден астам ауыл жаңғыртылады, әрбір тірек ауылға дейін 27 мың шақырым жергілікті жолдар жөнделіп, олардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ке жеткізіледі. Жыл сайын ауылдарда инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй салу үшін 22 мың жер телімі бөлінеді. Қала және ауыл халқының 100%-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді. 2025 жылға қарай халқы 900 мыңнан астам адамды құрайтын 246 ауыл газбен қамтылады. Халықтың 99%-і жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanТүркістан облысы
Previous Post

Развитие мактааральского района - в центре внимания партии «Nur Otan»

Next Post

«Nur Otan»: В Туркестанской области увеличится экспорт сельхозпродукции

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі