13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қатардың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

20 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қатардың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қатар Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулла Хусейн Джаберден сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, сұхбаттастар екіжақты және көпжақты форматтарда, әсіресе БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және ШЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындықтарын білдірді.

Кездесу соңында Ә. Бақаев Елші А. Джабердің қызметіне сәттілік тілеп, оның Қазақстандағы жауапты миссиясы кезінде өзара жемісті қарым-қатынасқа үміт білдірді.

Өз кезегінде Қатар Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

Камбоджаның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанда қоса қызмет атқаратын Камбоджа Корольдігінің Елшісі Чеа Соктан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Ә.Бақаев Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Камбоджа арасындағы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Камбоджа арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Бурундинің Қазақстандағы Елшісі қызметін қоса атқарушы сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Бурунди Республикасының Қазақстандағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Жозеф Нкурунзизадан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Бурунди арасындағы қатынастарды кеңейту жолдарын талқылады. Тараптар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сауда және көліктік-логистика салалары ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Қазақстан Сыртқы саясат тұжырымдамасы аясында Африка елдерімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

 

 

 

Previous Post

В день города уникальный проект-Tulip Hall распахнул свои двери в Шымкенте

Next Post

Бурундинің Қазақстандағы Елшісі қызметін қоса атқарушы сенім грамоталарының көшірмесін тапсырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі