13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Астана мен Токио екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

18 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Астана мен Токио екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі Еуропа істері бюросының Бас директоры Масаши Накагомэмен өткен келіссөздер барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы кеңінен талқыланды.

Кездесуде тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың, сауда-экономикалық байланыстарды жандандырудың, сондай-ақ екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің негізгі аспектілерін жан-жақты қарастырды.

Сонымен қатар, БҰҰ және МАГАТЭ сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы үйлестірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Екі тарап «Орталық Азия + Жапония» Диалогының алдағы Бірінші Саммитінің маңыздылығын атап өтті.

Ә.Бақаев елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал етуге бағытталған жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастырудың қажеттілігіне тоқталды.

Өз кезегінде, М.Накагомэ көлік, логистика, адам ресурстарын дамыту және «жасыл» экономика сияқты басым салалардағы өзара іс-қимылдың әлеуеті туралы хабардар етті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша сұхбаттастар Қазақстан мен Жапония арасындағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз диалогты жалғастыруға келісті. Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 7,8 миллиард доллардан асатын Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 2022 жылы 1,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға артық. Соңғы 6 жылда Қазақстанның Жапонияға экспорты екі есеге ұлғайып, 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың тауарлық құрылымында мұнай және металл үлесі басым — мұны тарихи қалыптасқан жағдаймен және екі елдің халықаралық саудадағы экономикалық рөлімен байланыстыруға болады.

 

Previous Post

Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларға қосылмағанына қарсы емеспіз – ЕО өкілі

Next Post

ЕКПЕ АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі