13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Мақтаарал ауданының дамуы – «Nur Otan» партиясының назарында

4 января, 2021
in Cаясат
0
Мақтаарал ауданының дамуы – «Nur Otan» партиясының назарында
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру, денсаулығы мен өмір сүру үрдісін жақсарту, білім беру мен әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын оңалту бағыттарында қыруар жұмыс атқаруда. Мәселен  партия алдағы уақытта халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту үшін Мақтаарал ауданының шекара маңындағы орналасу әлеуеті мен артықшылықтарын пайдаланатын болады. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Өмірзақ Мелдеханов Мырзакент кентінің тұрғыны Разия Агалиевамен кездесуінде тілге тиек етті.

Кездесуге облыс мәслихатына үміткер  Нұргүл Әбдіразақова, Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының төрағасы Досым Асабаев та болды.

«Бас партия Мақтаарал ауданының барлық әлеуетін тиімді пайдалуға күш салатын болады. Соның арқасында өңірде  8  мың жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздық деңгейін 2025 жылға қарай 5,1 пайызға  төмендетуге мүмкіндік бермек.  Бұл үшін «Nur Otan» партиясы ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасайтын болады.  2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен шамамен 10 өңдеуші кәсіпорын ашуға ықпал етеді. Нәтижесінде  2025 жылға дейін 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылып, орташа айлық жалақы 187  мың теңгеге жетеді», – дейді Өмірзақ Мелдеханов.

Мұнан соң партияның сайлауалды штабы «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында үміткерлер сайлауалды бағдарламамен таныстырып, негізгі бағыттары мен басымдықтары жазылған үнпарақшаларды таратып берді. 10 — қаңтарда өтетін сайлауда қолдау білдіріп, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

Үміткерлер еңбек ардагері Сайран Сафарованың шаңырағына атбасын тіреді. Еркін форматта әңгімелесіп,  кешегі күнгі  Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанды салыстырып, қол жеткен жетістіктерді дәріптеді.  Әрбір игі істің басында «Nur Otan» партиясы тарапынан патриот азаматтардың тұрғандығы айтылып, алдағы атқарылар істердің жоспарлары таныстырылды. Әсіресе жан-жақты қамқорлықтар көрсетіліп жатқан кәсіпкерлік саласы, оған берілетін несиелер, пайыздары мен алу жолдары түсіндірілді.

Елдегі еңбектеген баладан еңкейген қартына дейін қатардан қалдырмай, назарында ұстайтын партияға жеңіс тілеген мырзакенттіктер отбасымен «Nur Otan»-ға дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Қазір халықтың сенімін алу, олардың үмітін арқалау екінің біріне берілмейтін бақ. Ал оны мойынға жүктеген екенсің, абыроймен арқалау керек. Халықтың артар жүгі  – осы. Өмірзақ Мелдеханов мақтааралдық жастармен кездесуінде  осылай деді. Жалпы бүгінде Мақтаарал ауданында 28 мыңнан астам жас бар. Олардың басым бөлігі ауыл шаурашылығымен, кәсіпкерлікпен айналысады.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanТүркістан облысы
Previous Post

“Nur Otan” : Созақ ауданы сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтылады

Next Post

Развитие мактааральского района - в центре внимания партии «Nur Otan»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі