13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚР Үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ЕАЭО елдерінің өндірістік әлеуетін жүзеге асыру 600 млн адамды тамақтандыруға мүмкіндік береді – Қазақстан Президенті

2024 жылғы 3-4 маусымда Несвиж қаласында (Беларусь) ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялқ экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен бірлесіп Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысады.

Шақырылған қонақтар ретінде Әзербайжан Премьер-министрі, ТМД Атқарушы хатшысы, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалау блогының атқарушы директоры қатысады деп жоспарланған.

«Кеңес отырысының күн тәртібі кедендік реттеу, көлік және логистикалық салалардағы өзара іс-қимыл, оның ішінде теміржол тасымалдарын цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір атаулары бойынша индикативтік теңгерімдерді қалыптастыру, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының қызметі және басқа да өзекті тақырыптарды қоса алғанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын қамтиды. Қазіргі кезде әзірленіп жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеудің жаңа әдістемесін талқылауға ерекше назар аударылады», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрліктегі апталық баспасөз мәслихатында.

Беларуське жұмыс сапарының ресми бағдарламасы аясында3 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Кеңестің басқа қатысушыларымен бірлесіп «Белагро – 2024» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысады. ҚР Премьер-Министрі серіктестердің нарығына қолжетімділіктің шектеулілігіне қатысты мәселелердің едәуір бөлігі жылдан жылға өз шешімін таппай келе жатқанын айтты. Оған мемлекеттік сатып алуға, аймақтық сертификаттауға қолжетімділік, санитарлық, ветеринарлық және шектеулердің басқа да түрлерін негізсіз қолдануға, мемлекеттер ішінде қолданылатын кедендік бақылауға қатысты мәселелер жатады.

Previous Post

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН БІРГЕ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫН САРАПТАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 16 МАУСЫМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ЖҮРУ ТЕГІН БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі