13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЭЫДҰ-ның жәрдемі жоғары

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ЭЫДҰ-ның жәрдемі жоғары

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 100

Share on FacebookShare on Twitter

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жаһандық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Рольф Шварцпен кездесті.
Комитет төрағасы Андрей Лукин Қазақстан ЭЫДҰ-дағы халықаралық бастамаларға белсенді қатысып келе жатқанын айта келіп, жаһандық күн тәртібінің дамуына үлесін қосқанын атап өтті. Еліміз өзара іс-қимыл жылдарында Ұйымның азаматтар өмірінің сапасын жақсартуға және экономикалық өркендеуге бағытталған жоғары стандарттарын дәйекті түрде енгізуге жол ашты.
«Біз Қазақстанда болып жатқан жаңару үдерістерінде ЭЫДҰ-ның жәрдемін жоғары бағалаймыз. Еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда және құқықтық, демократиялық мемлекет құруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан қазіргі кезеңде өзінің саяси және экономикалық дамуының маңызды кезеңінде тұр. 2022 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі сая¬си және экономикалық реформалар бағдарламасына бастамашы болды. Бұл реформалар билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін нығайтуға, мемлекеттік басқарудың ара-жігін ажыратуға, көппартиялық жүйені дамытуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге бағытталған. Президенттің бағдарламасы Қазақстанда саяси демократиялық жүйені орнату жолындағы зор қадам болды», деді Андрей Лукин.
Рольф Шварц ұйым кейінгі жылдары Қазақстанда елеулі оң өзгерістерді көріп отырғанын атап өтті. Ол ЭЫДҰ стандарттарын енгізу және Қазақстанның халықаралық бастамаларға белсенді қатысуы экономиканың өсуіне ғана емес, азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға да ықпал еткенін жеткізді. Сондай-ақ елдегі саяси және экономикалық реформалардың жалғасуы демократияның нығаюына және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге әкелетініне сенім білдірді.
Тараптар кездесу соңында экономикалық тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын күшейтуге бағытталған ЭЫДҰ бағдарламалары аясында одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Previous Post

Қазақ-қытай сауда қатынасының жаңа белесі

Next Post

Оңтүстік Корея Қазақстанда көлік орындығы мен астық тасымалдайтын техника шығарады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі