13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қосымша жер телімдерінде шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізіледі

9 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында қосымша жер телімдерінде шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Өңделген 260 мың гектардан басқа, өңірде 50 мың гектардан астам таралу учаскелері анықталды. Қосымша өңдеу Түркістан облысының Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы және Шардара аудандарында жүргізіледі.

8 маусымда шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі жағдай туралы баяндамаларды тыңдады.

Түркістан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша өңдеу 70 бірлік жерүсті техникасының көмегімен жүргізілуде, оған қоса қосымша 4 ұшақ келді. Қазіргі уақытта барлық қажетті техника көкөніс-бақша дақылдары алқаптарының айналасында шоғырланған. Бүгінгі таңда егістікке зиян келген жоқ.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында шегіртке дернәсілдері көбейе бастады. Өңдеуге арналған техника — дайын. Жалпы облыста 76 бірлік техниканы пайдалана отырып, өңірдің 12 ауданында 281 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткенің пайда болу орындарын тексеру және анықтау үшін 600-ге жуық адам тартылды. Олар фитосанитариялық инспекция, әкімдік қызметкерлері және уақытша қызметкерлер. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін әкімдікке тағы 14 бірлік техника қажет.

Қостанай облысының бес ауданында 29,4 мың га аумақта химиялық өңдеу жүргізілді. Дернәсілдердің көбею орындарына мониторинг жасау және анықтау үшін 129 тексеруші және 326 уақытша қызметкер тартылды. 72 бірлік техника әзір тұр. Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары фермерлермен бірлесіп жүргізілуде.

«Біз биылғыдай шегірткенің таралу аймағын бұрын-соңды кездестірген емеспіз. Біз оның таралуының ықтимал салдарын жете бағаламаймыз. АШМ Мемлекеттік инспекция комитетіне барлық рәсімдік мәселелерді дереу аяқтауды және барлық қажетті техниканы аталған өңірлерге жіберуді тапсырамын. Қарбалас уақытта біз штаб отырысын аптасына екі рет өткізетін боламыз», — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Previous Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНҒА КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖӨНІНДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі