Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту оларға Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Көші-қон саласындағы мелекеттік саясатты жүргізудің және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттырудың негізгі бағыты – халқы тығыз орналасқан өңірлерден, еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандырып, ішкі көші-қонды реттеу.
Биылғы жылы 1 маусымдағы көрсеткіштер бойынша облысқа 231 отбасы, 403 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға қандас мәртебесі берілді. Оның ішінде, көршілес ел Өзбекстаннан – 390 адам, Тәжікстан — 10 адам, Ресейден — 1 адам басқа мемлекеттерден – 2 адам қоныс аударған.
Бүгінде этникалық қазақтар облысқа қарасты аудандарға орналастырылды. Басым бөлігі Сарыағаш ауданында орналасса (163 адам немесе 40,5%), Ордабасы ауданына 44 адам (10,9%), Қазығұрт ауданына 62 адам (15,5%), Келес ауданына 70 адам (17,5%), Сайрам ауданына 18 адам (4,5%), Жетысай ауданына 10 адам (2,6%), Түлкібас ауданына 12 адам (2,8%), Мақтаарал ауданына 18 адам (4,5%), Түркістан қаласына 5 адам (1,2%), қоныстанды.
Қоныс аударған этникалық қазақтардың 58,3% еңбекке жарамдылар. Басым бөлігі арнайы оқу орындарын бітірмегендіктен, құрылыс саласында, сауда-саттықпен және ауыл шаруашылығымен айналысады.
Аталған бағытта жауапты мамандар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті. Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326 мың адамнан асып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6% өсті. Шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті.
Биыл 3967 түркістандық қоныс тойын тойлайды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тұр.
Сонымен қатар 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында баспана сатып алуға қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. «Отбасы банк» арқылы 66 көпқабатты тұрғын үйден 3317 пәтер сату жоспарланған.