Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі мәлім еткендей, 2024 жылы Өзбекстан мен Қазақстан қалалары арасында 10 жаңа халықаралық автобус бағытын ашу жоспарланып отыр.
Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады:
Самарқанд – Бішкек;
Бұхара – Бішкек;
Бұхара – Астана;
Самарқанд – Түркістан;
Бұхара – Түркістан;
Шахрисабз – Түркістан;
Самарқанд – Душанбе;
Бұхара – Душанбе;
Ташкент – Уфа;
Ташкент – Краснодар.
Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, Өзбекстаннан Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне 37 бағыт бойынша 32 отандық және шетелдік тасымалдаушылардың 196 автобусы қатынайды.
2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында халықаралық автобус бағыттарында 173 мың жолаушы тасымалданды. Көрсеткіштер 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсті. Ежелден еншілес, тарихи тамырлас екі ел – Тәуелсіз Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы 23 қарашада орнатылды. Екі мемлекет арасындағы тату көршілік қатынастарды растайтын басты құжаттың бірі – 1998 жылғы 31 қазанда Ташкентте қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы келісімшарт. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар тату көршілік және сенімділік сипатта жүзеге асырылып жатыр. Екі ел де өз алдына жоғары мақсаттар қойып, жақсы бастамаларда бір-бірін қолдап, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа қалыптасқан достық пен бейбіт өмір сүру дәстүрлерін көрсете отырып, оларды жүйелі түрде, берік ұстанып келеді.
2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы, 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы аталып өткені – біздің ортақ тарихымыз бен ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан бай мәдени мұрасымен дәлелденген халықтарымыз арасындағы бауырластық байланыстардың жарқын бір көрінісі.
2022 жылдың желтоқсанында Қазақ¬стан мен Өзбекстан арасындағы одақ¬тастық қатынас туралы шартқа – екі елдің өзара тауар айналымын арттыру, инвес¬тиция тарту, өнеркәсіп, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік әлеуеті мен көлік логистикасы салаларын қоса алғандағы ынтымақтастықтың барлық спекторы бойынша байланыс¬тарды нығайтуға бағытталған құжат¬қа қол қойылды. Өткен жылдың со¬ңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шартты ратификациялау тура¬лы Жарлықты рәсімдеді. Ал ақпан айы¬ның 28-і күні Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
Қазақстан Республикасы мен Өзбек¬стан Республикасы арасындағы одақ¬тас¬тық қатынастар туралы шарттың мақсаты – екіжақты өзара іс-қимылдың барлық әлеуетін жүзеге асыру. Соңғы кезеңде екі ел арасындағы тауар айналымы еселеп өсті. Барлық саладағы ынтымақтастықты ұлғайтуға, нығайтуға кең өріс ашылды. Келісім сыртқы саясат, қорғаныс пен қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, энергетика, инвестициялық қызмет, мәдени-гуманитарлық байланыс салаларында неғұрлым тығыз, ұзақмерзімді ынты¬мақ¬тастыққа құқықтық негіз құруды көз¬дейді. Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, сондай-ақ экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері де екі ел үшін өте маңызды. Одақтастық қатынас туралы шарт осы салалардың бәрін қамту үшін қажет болды. Бұл – екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың ең жоғары деңгейі.
Айта кетелік, мұндай үлгідегі шарт Қырғызстанмен 2003 жылы, Ресеймен 2013 жылы жасалған болатын. Елдің қа¬лыпты дамуы, өсіп-өркендеуі, қауіп¬сіз¬дігі жақын көршілерімізбен қарым-қатынасты қалай құруымызға байланысты. Қазір де Тәжікстанмен арадағы одақтастық шарты дайындалып жатыр.