13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНА КУӘЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

16 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНА КУӘЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы өтті. Сессияда бірқатар мәселелер қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Күн тәртібінде қалада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы мәселесі қаралды. Қала мәслихатының депутаттары барлық салалар бойынша жобалардың орындалуын бақылау мақсатында әрбір нысанға барып қайтқан болатын. Мәслихат депутаты Альбина Елшиева осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады. Бүгінде шаһарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 39 жоба жұмыс істейді. Жобалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілген. Дене шынықтыру және спорт саласында 4, денсаулық сақтау бойынша 3, білім беру саласында 3 жоба іске асырылуда. Жалпы бағдарлама өз тиімділігі көрсетуде. А.Елшиева бағдарлама әкімшілеріне сапаны көтеру мақсатында қадағалау шараларын күшейтуді ұсынды.
Сессияда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, депутаттық куәлігі мен төс белгісін табыс етті. Бақытжан Жолдасбекұлы жалпы әлеуметтік бағытта, денсаулық сақтау, білім, халықтың әлеуметтік мәселелерін жүйелі түрде шешуге атсалысатынын атап өтті.
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков кезекті сессияда маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтіп, депутаттарға алғысын жеткізді.
– Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды шешімдер қабылданды. Басты мақсат – халықтың жағдайын жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру. Қалада барлық сала бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Одан әрі де бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, жиында Шымкент қаласы тексеру комиссиясының қаланың 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі, цифрландыру саласында атқарылған жұмыстардың есебі қаралып, мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты.

Previous Post

ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН COWORKING

Next Post

ШЫМКЕНТ: Тұрғындардың қауіпсіздігі күн тәртібінде бірінші болып қалуы тиіс

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі