13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласының аумағында қоғамдық-саяси жағдай және криминогендік ахуал тұрақты

14 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласының аумағында қоғамдық-саяси жағдай және криминогендік ахуал тұрақты
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан кәмелетке толмағандармен жасалған 3329 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар мен жетістіктер туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Полиция Департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев биылғы жылдың 5 айында мегаполистің полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Полиция полковнигінің сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген құқық бұзушылықтар 28,6 %-ға азайған. Қабылданған шаралар және профилактикалық жұмыстар нәтижесінде, бірқатар негізгі қылмыс түрлерінің саны едәуір төмендеуіне қол жеткізілді. Оның ішінде атап өтетіні: пәтер ұрлығы – 23,6 %-ға, мал ұрлығы – 66,7%-ға, алаяқтық – 34,1%-ға азайған. Ал, аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыстардың ашылымы 100,0 пайызды құрады, — деді Арман Бейсенбаев. Спикердің сөзінше, жыл басынан кәмелетке толмағандармен жасалған 3329 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Профилактикалық бағыттағы жұмыстарға басымдық берілуі нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 29,1 пайызға, көшелерде жасалғандар 26,8 пайызға, отбасылық-тұрмыстық қатынастағылар 23,1 пайызға, кәмелетке толмағандармен жасалғандар 23,1 пайызға азайған. Ал, жыл басынан кәмелетке толмағандармен жасалған 3329 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде, 378 құқық бұзушылық жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл-көтеру орындарында болу, 4048 құқық бұзушылық олардың үйден тыс ата-ана немесе заңды өкілінсіз жүруі, 27 құқық бұзушылық жасөспірімдердің қоғамдық орындарда алкогольді мас күйінде жүруі болып табылады. 249 кәмелетке толмағандар мен 138 жайсыз отбасылар есепке алынды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарауына 11 материал жолданып, оның шешімімен 3 жасөспірім Тараз қаласындағы арнайы мектепке жіберілді, қалғандары бойынша жақын күндері шешім қабылданады. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 323 бала орналастырылды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жергілікті атқарушы органмен, қалалық білім басқармасымен бірлесіп жүргізуде.

Previous Post

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР РУХАНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Next Post

Шымкент қаласында 265 интернет-алаяқтық қылмысы тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға азайған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі