13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «Жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік»

17 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «Жалған сандармен емес, шынайы экономикамен өмір сүрейік»
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайғаны байқалған. Үшінші меаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстары толығымен пысықталды. Жиында шаһардың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштерін баяндап, бұл кезеңде оң динамика қалыптасқанын жеткізді. Мәселен, шенеунік көрсеткен мәліметке сәйкес қалада инвестиция көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, жеке инвестиция көлемі 174,1 млрд. теңгеге жеткен. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайғаны байқалады.
Осы орайда қала әкімі сала басшысының баяндамасына қатысты өз пікірін білдірді.
«Жалған сандармен емес, шынайы экономикаммен өмір сүйрейік. Көрсеткіштерді талдап, қай жерде проблема бар, сол жерге күш салып, нақты нәтижеге жұмыс істейік» — деді Ғабит Сыздықбеков.
Сонымен қатар қала әкімі тиісті басқарма басшыларына мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты заң шеңберінде шараларды күшейтіп, дендрологиялық саябақ пен «Арбат» алаңына абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізуді және ойын атракциондарының қауіпсіздігін жақсартуды тапсырды. Барлық аудан, сала басшыларына бюджеттің сапалы орындалуы, 2025 жылғы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Қосымша ақпар, жыл санап халық саны артып келе жатқан мегаполисте тұрғын үй құрылысы маңызды. Бүгінгі таңда, құрылысы жүргізіліп жатқан 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты тұрғын үй бой тіктеп жатыр. Қазірдік өзінде 180 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға берілуде. Ал, қалған 64 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі –дейді басқарма басшысы. Сонымен қатар инфрақұрылым құрылысына аса мән берілуде.
Шымкентте 18 білім нысаны салынып жатыр. Бұл мектептер пайдалануға берілсе саладағы көптеген мәселелер шешімін тапқалы тұр. Әсіресе үш ауысымдағы білім мәселесі түбегейлі шешілетін болады. Сондықтан білім нысандарының құрылыс жұмыстарына ерекше ден қойылып отыр. Басқарма тарапынан құрылыс сапасы қатаң қадағаланады. 2024 жылдың 1-тоқсанында 10 382 пәтерден 128 кемшілік анықталып, оның 118-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтіріліпті. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Previous Post

Шымкентте 214 тұрғын қайтарымсыз грант иеленді

Next Post

Шымкенттіктер автокөлікті сатып алу-сату шартын МХҚКО-да тіркеу алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі