13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге тағам қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

14 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлерге тағам қауіпсіздігі туралы түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата басшылары, Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары, аудандық басқармалардың мамандары, дін өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес отырысында көпшілік тамақтану орындарындағы қауіпсіздік туралы түсіндірілді.

«Қоғамдық орындарда, көпшілік тамақтану нүктелеріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің сақталуы – аса маңызды. Жуырда әлеуметтік желіде картоп қытырлағы өнімінің санитарлық талаптар сақталмай әзірленіп жатқаны туралы жазба тарады. Қазіргі таңда бұл факті бойынша тексеру жүруде. Жалпы, кәсіпкерлерге айтарымыз, мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің дамуына үлкен қолдаулар көрсетілуде, дегенмен, тиісті заң талаптары сақталмай жұмыс істеп тұрған нысандар да кездеседі. Мұндай жағдай тұрғындардың денсаулығына зиян тиюі мүмкін. Кез келген нысан, оның ішінде тамақтану қатысты нысандар қызметін бастамас бұрын бірінші кезекте қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге сәйкестендірілуі тиіс», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Мамандар, сонымен қатар, Құрбан айты мерекесі кезінде құрбандық шалудың санитарлық талаптары туралы түсіндіріп өтті.

«Құрбандыққа шалынатын мал арнайы орындарда сатылу және сойылу тиіс, әр жануардың тиісті ветеринарлық құжаттары болуы керек. Мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталып, қалдық уақтылы залалсыздандырылуы тиіс. Көпшілікке дастарқан әзірлеген жағдайда да санитарлық талаптар сақталуы керек», – деді Алдарқұл Ахметов.

Жиында кәсіпкерлер сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Previous Post

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Next Post

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі