13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан делегациясы VI Этноспорт мәдени фестиваліне қатысып жатыр

11 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан делегациясы VI Этноспорт мәдени фестиваліне қатысып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

20-дан астам елден 1000-нан астам спортшы мен мәдениет саласының өкілдері жиналған VI Этноспорт мәдени фестиваліне Қазақстан делегациясы қатысып жатыр. Іс-шараТүркияның Ыстамбұл қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды 13.kz.
Төрт күнге жалғасатын фестивальде Қазақстанның Аударыспақ және теңге ілу федерациясының спортшылары өнер көрсетуде.

Этноспорт мәдени фестиваліне биыл 20-дан астам елден 1 000-нан астам спортшы мен мәдениет саласының өкілдері қатысып жатыр. Оның аясында дәстүрлі спорт түрлері бойынша сайыстар, ұлттық салт-дәстүрлер, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі өтіп, дәстүрлі музыка және дәстүрлі балалар ойындары ойналды. Сондай-ақ қонақтар күзде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген қазақстандықтар тіккен киіз үйді тамашалады.Ыстамбұлдағы фестивальде қазақстандық балуандар Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров аударыспақтан өнер көрсетті. Қос балуан да – Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының мүшелері – Нариман Әсімжан мен Азат Түлкібай Түркия төрінде ұлттық спортымыз теңге ілуді таныстырды.
Фестиваль аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары стилінде безендірілген Қазақстан тіккен киіз үй тамашаланды.
4 күн өтетін фестивальде қазақ балуандары Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров аударыспақ спорты бойынша өнер көрсетті. Қос балуан да – Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ 2-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпаздары. Сонымен қатар Нариман Әсімжан мен Азат Түлкібай Түркия төрінде ұлттық спортымыз теңге ілуді таныстырды.
Фестиваль шеңберінде Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Билал Ердоған ұлттық спорт федерацияларының басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов: «5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оған 84 мемлекет қатысатынын растады. Біз барлық елдің делегациясын қыркүйекте дүбірлі доданы тамашалауға шақырамыз», деді.
Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы дәстүрлі спорт түрлерін сақтай отырып, оларды дамыту мақсатында аталған фестивальді 6-шы жыл қатарынан өткізіп келеді.

Previous Post

«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫМЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУІМІЗ КЕРЕК»

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АЛҒАШҚЫ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі