13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан — Корея атом энергетикасы саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

11 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан — Корея атом энергетикасы саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады. Маңызды сапар қарсаңында Корея Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqs­tan» газеті­не арнайы сұхбат берді.
Қазақстан — Корея атом энергетикасы саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

Юн Сок Ёль Қазақстан-Корея арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтып, осы сапары аясында да дос­тық қарым-қатынасты терең­детуге ықыласты екенін білдірді.
Корея Қазақстанға инвестиция құятын елдер көшінде топ-10-ға кіреді. Осы бағыттағы жұмысты энергетика саласында да нығайту жоспарланып отыр.
Қазақстан мен Корея Рес­пуб­ликасы көміртегі бейта­рап­тығына толығымен көшу міндетін қойды. Осы мақсат­қа жету үшін екі ел энергетика саласында қандай ынтымақ­тастықты дамыта алатынына Корея Президенті жауап берді.
«Климаттың өзгеруіне ден қою – жаһандық міндет. Оны шешу үшін көміртегі бей­та­рап­тығына Корея 2050 жылға қарай, ал Қазақстан 2060 жылға қарай қол жеткізуге ұмтылып отыр. Еуропалық одақтың мәліме­тіне сәйкес, электр энергиясын өндіру секторындағы көміртегі шығарындылары ең жоғары және ол әлемдік көмірқышқыл газы шығарындыларының 27,5 пайызды құрайды. Демек осы сектордағы көміртегі шығарын­дыларын азайту – көміртегі бей­тараптығына қол жеткізудің кілті», деді Юн Сок Ёль.
Корея Президенті атом электр станса­лары, жаңартылатын энергия көздері саласында да Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
«Корея атом энергетикасы мен жаңартылатын энергия көздері­не негізделген көміртексіз энергия­ны («Carbon-Free Energy», CFE) ке­ңей­туге күш салып келеді. Ме­нің білуімше, Қазақстан да жылу энергетикасы өндірісінің жо­ғары үлесіне байланысты элек­тр энергиясын өндіру секторын­да көмірқышқыл газының шыға­рын­дыларын қысқартуға мейлінше күш-жігер жұмсап отыр.
Корея атом электр станса­лары, жаңартылатын энергия көздері саласында, сондай-ақ электр энергиясын өндіру тиім­ділігін арттыру саласында әлемдегі ең үздік бәсекеге қабілеттілікке ие. Сондықтан да Қазақстанмен осы салаларда ынтымақтастық әлеуетіміз зор», деді Корея Президенті.

Previous Post

Халықаралық теміржол жүйесінің мүмкіндікті дамытуға күш салынуда

Next Post

Қазақстан-Корея арасында мәдени-гуманитарлық байланыс нығая береді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі