13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Серіктестікті нығайту әлеуеті

11 июня, 2024
in Uncategorized
0
Серіктестікті нығайту әлеуеті
Share on FacebookShare on Twitter

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Жапонияның Парламенттік Сыртқы істер вице-министрі Ёичи Фуказавамен келіссөздер өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының өзекті мәселелері қозғалды. Та­раптар 2024 жылғы 6 маусымда Астанада Жапония вице-министрінің қатысуымен өткен Халы­қаралық ғылыми-техникалық орталықтың 30 жылдығына ар­налған іс-шараның сәтті ұйым­дастырылғанын құптады.
Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан мен Жапонияның осыған дейінгі аталған Орталықтың дамуына қосқан үлесі және алдағы өзара іс-қимылдардың жолдары талқыланды. Тараптар ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы халықаралық қауіпсіздік мәселелері сияқты басым салалардағы өңірлік және халықаралық форматтағы өзара серіктестіктің бағыттарын қарастырды.
А.Рахметуллин Қазақстанның БҰҰ және МАГАТЭ сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы үйлестіруді нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды.
Ё.Фуказава осы салалардағы оң әлеуетті ескере отырып, елдер арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндігін атап өтті. БҰҰ институттары мен басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдауларға ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар екі елдің Сыртқы істер министрліктері деңгейінде диалогті жалғастыруға келісті.
Халықаралық ғылыми-техни­калық орталық – 1992 жылы құрылған үкіметаралық ұйым. Орталықтың бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан. Ұйымның негізгі қызметі ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды басқару болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынастар сонау тәуел­сіздіктің елең-алаңынан бас­тау алады. Қос елдің халықаралық дипломатиялық байланысы 1992 жылы орнаған. Сол жылдың 28 қаңтарында басталған екіжақты өзара ынтымақтастық осы күнге дейін түрлі салада қарқынды дамып келеді.
Қазақстан Президенті Оңтүстік Кореяға бес мәрте мемлекеттік сапармен барды. 1995 жылы мамыр айындағы сапар аясында қос тараптың екіжақты қарым-қаты­нас­тарының шарттық-құқық­тық негізі қаланды.
Келесі жылдың қыркүйек айында Кореяның сол кездегі Президенті Но Му Хённің Қазақстанға жауап сапармен келіп, бейбіт атом энергиясын пайдалануға және байланыс пен ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісім­дерге қол қойылды, энергетика және минералдық ресурстар сала­сын­дағы өзара түсіністік және ын­ты­мақтастық туралы меморандум орнатылды.

Previous Post

Қазақ-корей байланысының жаңа кезеңі

Next Post

Бакуде өткен ТүркПА отырысында жасыл экономикаға көшу мәселесі талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі