13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды — Юн Сок Ёль

11 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды — Юн Сок Ёль
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты.
«Корея мен Қазақстан 1992 жы­лы дип­ломатиялық қаты­нас ор­на­т­қалы бері етене ынты­мақ­тас­тық байланысты дамытып келеді. Дипломатиялық қатынас бас­­талған сәттен бері екі ел ара­сын­дағы сауда көлемі 500 еседен астам ұлғайды. Нәтижесінде, Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды», деді Корея Президенті.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың серпінді кеңеюіне қос мемлекеттің бірін-бірі то­лық­­тырушы өнеркәсіптік құры­лымға ие болуын, ал берік сенім­ді қарым-қатынастарға аралас циклді Қарабатан ЖЭС және Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) сияқты ортақ табыстарды мысалға келтіруге болады.
«Екі ел арасындағы экономика­лық ынтымақтастықты қолдау­дың институционалдық базасы өткен жылы Сауда мен инвес­тицияларды ілгерілету туралы негіздемелік келісімге (TIPF) қол қою арқылы күшейтілді. Бұл сапар маңызды минерал­дар, өңдеу өнеркәсібі және ин­фра­құрылым сияқты салалар­дағы ынтымақтастықтың нақты нәти­желеріне қол жеткізуге мүм­кіндік береді деп ойлаймын», деді Юн Сок Ёль.
Қазақстанға мемле­кет­тік сапары қарсаңын­да Корея Республикасы­ның Президентінің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз. Корея билігінің хабарлауынша, Президент Юн Сок Ёль 10-15 маусым күндері біздің елге ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан мен Түрікменстанға да мемлекеттік сапармен барғалы отыр. Ёль мырзаның алдағы сапары туралы ресми хабарламада Орталық Азия ежелгі Жібек жолының не­гізгі бөлігі болғаны, бұл өңір Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық орын екені айтылған. Сондай-ақ Украина мен Таяу Шығыс төңірегіндегі геосаяси ахуал сынды соңғы саяси да әскери дағдарыстардың әсерінен Орталық Азияның өңірлік маңызы артып келе жатқанына тоқталыпты.
Қысқасы, осы сапар арқылы Оңтүстік Корея Орталық Азияға ар­налған аймақтық Жібек жолы стратегиясын жариялап, осы апта­дағы сапар бағытын Түрік­менстан, Қазақстан және Өзбекстанға бұр­мақшы.
Кореяның түпкі мақсаты – Орталық Азияның бес елінің қаты­суымен саммит құрып, «Корея – Орталық Азия Жібек жолы» деп аталатын аймаққа арнал­ған жаңа дипломатиялық стра­тегия­сының бір бөлігі ретінде келесі жылы Сеулде алғашқы кездесуін өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы өткен жұмада Сеулде өткен баспасөз брифингінде айтылды. Сондай-ақ бұл саммит өткен жылғы Корея-Тынық мұхиты аралдары саммитінен, осы айдың басында өткен Корея-Африка сам­митінен кейінгі Юн үкіметінің дипломатиялық бағытын кеңейту жолындағы келесі қадамы болмақ. Саммит Корея және Орталық Азия елдерімен серіктестіктің жаңа плат­формасын құруды көздейтін «Жібек жолы бастамалары» жобасы аясында өткізілмек.

Ал 27 мамыр күні еліміздің Корея Республикасындағы елшісі Нұрғали Арыстанов Кореяның белді ақпараттық порталдарының бірі «The Korea Times»-қа берген сұхбатында Қазақстан мен Корея өте жақын достық қарым-қатынастағы елдер екенін және арадағы жоғары деңгейдегі страте­гиялық әріптестік нығайып келе жатқанын атап өтіпті. «Біз мұндай ынтымақтастық деңгейін санаулы елдермен ғана орнықтырамыз, ал Корея – біздің ең маңызды стратегиялық серіктес­теріміздің бірі», дейді Н.Арыстанов.

Елші сұхбатында экономикалық ынтымақтастық Корея-Қазақстан әріптестігінің негізгі өзегі болып отырғанын атап өтіп, екі ел арасындағы былтырғы тауар айналымының 6 миллиард дол­ларға жеткен межесін маңызды кезеңге балапты.

Previous Post

Трансшекаралық ынтымақтастық

Next Post

Қазақ-корей байланысының жаңа кезеңі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі