13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Ауыл кәсіпкерлеріне несиені өтеуге жеңілдіктер берілуде

20 апреля, 2020
in Экономика
0
Ауыл кәсіпкерлеріне несиені өтеуге жеңілдіктер берілуде
Share on FacebookShare on Twitter

— Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру жөнінде көптеген өтініштер келіп түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төтенше жағдай кезінде бизнес иелерінің несие жүктемесін жеңілдету бағытында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерді кейінге қалдыру үшін қарыз алушы Қорға қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттармен қоса өтініш жазуы керек. Өтінішті шаруалар электрондық пошта немесе мессенджер арқылы жібере алады. 7 жұмыс күні ішінде Қор өтінімді қарап, жауап береді», — делінген ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Төлемді уақытша тоқтата тұру клиенттің несие тарихына кері әсер етпейді. Бүгінде Қор филиалдарына қаржылық жағдайларының нашарлауына байланысты мыңнан аса өтініш келіп түсті. Оның ішіндегі жалпы сомасы 240 миллион теңге болатын 582 өтініш мақұлданды. Қалған өтініштер қаралуда. Айта кету керек, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несиелеу жұмыстарын жалғастырады. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес бағыттары қаржыландырылады. Атап айтқанда, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауға және кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне несие беріледі.

 

Tags: Ауыл шаруашылығы
Previous Post

Жеміс-жидек пен көкөніс экспортына шектеу жоқ

Next Post

УЕФА Қазақстанға футбол маусымын қалай аяқтаудың жобасын ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі