13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

13 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында басталған жұмыстар қарқынды жалғасуда. Бүгін Қаратау ауданына қарасты Тұран-2 шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзе асып жатқан «Таза бейсенбі» акциясына жүзден астам адам қатысты.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – жұртшылықты қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қалалық филиал қызметкерлерімен қатар «Жастар рухы» Жастар қанатының өкілдері қатысты. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және ауыл тұрғындары да белсенділік танытты.

— Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы қала, ауыл-аймақтарды көркейту бойынша тапсырма берген болатын. Еліміздің бас партиясы осы бастаманы қолдап, «Таза бейсенбі» акциясы арқылы үздіксіз жалғастаруды қолға алды. Бұл құптарлық іс. Себебі тазалық жұмыстары науқандық болып қалмай, ісіміз әдетке, әдетіміз мінезімізге айналуы тиіс. Барша қазақстандықтарды қоршаған ортаны таа ұстауға шақырамын, — деді танымал айтыскер-ақын Біржан Байтуов.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экологиялық кеңесің төрағасы Жеңісбай Тұрғанов тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, еліміздің экологиялық ахуалына тоқталды.

— Әлем ғалымдары ондаған жылдардан бері экологиялық апаттың жақындауы туралы дабыл қағуда. Әр түрлі салаларда жүргізілген зерттеулер адам әрекетінің салдарынан климат пен сыртқы ортаның жаһандық өзгерістеріне тап болдық деген қорытындыға келді. Өзге мемлекеттер секілді Қазақстан қоршаған ортаға қатысты ауқымды әрі маңызды мәселелерге тап болды.
Қалыптасқан жағдайды ретке келтіруде жалғыз мемлекеттің күші жеткіліксіз. Еліміздің барлық тұрғындарының қосылуы қажет. Сондықтан еліміздің экологиясын қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жалпыұлттық жұмысты қос қолдап қолдаймын, — деді Ж.Тұрғанов.

Айта кетейік, тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасады. Белсенді партияластар тек айналаны қоқыстан тазартып қана қоймай, тұрғындарға экологиялық акцияның мән-мақсатын түсіндіретін болады.

Previous Post

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Next Post

Оңтүстік Корея мен Қазақстан: Табысты байланысқа тың серпін

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі