13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент: Бізге Оңтүстік Корея технологиясын өнеркәсіпке енгізу маңызды

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Президент: Бізге Оңтүстік Корея технологиясын өнеркәсіпке енгізу маңызды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында екіжақты экономикалық байланысты «Инвестициялар мен технологиялар — шикізат орнына» қағидатымен дамытуға болатынын айтты.
«Енді әріптестіктің анағұрлым келешегі зор бағыттары туралы пайымымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бірінші — біздің экономика үшін маңызды салалардағы кооперацияның арттыру. Бұл — жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп. Мұнай-газ саласында бізге оңтүстіккореялық технологияның толыққанды трансферті, сондай-ақ, заманауи қондырғылар мен қосалқы бөлшектердің өндірісін жолға қою маңызды. Біздің Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ сияқты мұнай-газ кен орындарымыздың кеңейіп жатқанын ескерсек, бұл өте қажет», — деді Мемлекет басшысы бизнес-форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, елімізде 5 мыңға жуық барланбай жатқан кен орны бар.
«Кейіннен мұнай бен газ шөгінділерін игеруді көздейтін толық ауқымдағы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үлкен мүмкіндіктер ашады. Аса маңызды шикізатты „Инвестициялар мен технологиялар — шикізат орнына“ прагматикалық формуласы бойынша өндіру және қайта өңдеу келешегі аса зор бағыт болып есептеледі. Біздің жер қойнауымыз пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорын бойында сақтап жатыр. 5 мыңға жуық барланбаған кен орындары бар», — деді Президент.Samsung Electronics компаниясы елімізде тұрмыстық техника шығаратын өндіріс ашуға ниет білдірді. Бұл туралы Ақордада Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біз Президент Юн Сок Ёль мырзамен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Әсіресе, инфрақұрылым, өндіріс, қаржы, энергетика, экология, автомобиль мен аэроғарыш өнеркәсібі, ІТ, цифрландыру және басқа да салаларға басымдық беріп отырмыз. Қазір Doosan Enerbility компаниясы Түркістанда бу-газ қондырғысы арқылы жұмыс істейтін электр стансасын салып жатыр. Сонымен қатар Samsung Electronics компаниясы елімізде тұрмыстық техника шығаратын өндіріс ашуға ниет білдірді. Біз мұндай бастаманы барынша қолдаймыз», — деді Президент.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, GL Rapha компаниясы Астанада биофармацевтика зауытын салуды жоспарлап отыр.
«Келіссөз барысында сирек кездесетін металдарды бірлесіп зерттеу және өндіру мәселесін де қарастырдық. Біз Қазақстан нарығына кіргісі келетін корей компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Оны жүзеге асырудың нақты жолдары бар. Үкіметаралық комиссия іскерлік кеңеспен бизнес қауымдастығы арасындағы жұмыс тобы құрылды. Бұл құрылымдар екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға зор серпінін тигізеді деп сенеміз”, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Previous Post

Біз Оңтүстік Кореяға шикізат пен материал жеткізетін сенімді серіктес бола аламыз – Тоқаев

Next Post

Samsung Electronics елімізде тұрмыстық техника шығаратын өндіріс ашпақ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі