13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекет басшысы BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инді қабылдады

12 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инді қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті.

Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру рәсімі аяқталған соң, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды. Сондай-ақ банк саласында озық IT-шешімдерді пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.

BNK Financial Group Inc. – Оңтүстік Кореяның қаржылық тобы. Оның құрамына Busan Bank, Kyongnam Bank, BNK Capital және басқа да компаниялар кіреді. Компанияның активі – 129 миллиард доллар. Ал таза табысы – 504 миллион доллар. Қаржылық топ әлемдегі ең ірі компанияларды есепке алатын Forbes Global 2000 тізіміне енген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Оңтүстік Кореямен геологиялық барлау және тау-кен өндірісі салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы «Бакенное» литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы литий өндірісін жолға қоюдың, оны өңдеудің және дайын өнім шығарудың маңызды екенін атап өтіп, «шикізат орнына инвестиция мен технология» прагматикалық формуласына сай ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Previous Post

Мемлекет басшысы KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады

Next Post

Президент Қазақстан-Корея бизнес форумында сөз сөйледі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі