13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ҚАУІП ТУДЫРАТЫН АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

11 июня, 2024
in Денсаулық
0
ҚАУІП ТУДЫРАТЫН АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен лездемелік жиын өтті. Департаменттің басшы орынбасарлары, бөлім басшыларының және аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының ZOOM қосымшасымен онлайн режимде қатысқан жиында кенеден келетін қауіпті аурудың алдын алу, балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің дайындығы және туберкулездің алдын алу мәселелері талқыланды.
Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы бойынша эпидемиялық жағдайды өршітіп алмау бойынша тиісті ведомствалармен бірлескен шараларды одан әрі дамыту қажеттігін, бұл мәселе жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту керектігіне назар аударды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша департаменттің бөлім басшылары баяндама жасап, кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізуге нақты тапсырмалар алды. Атап айтқанда Түлкібас, Сайрам аудандарындағы балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің дайындықтары бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері талқыланды. Бөлім басшылары анықталған кемшіліктерді баяндап, алдағы уақытта өзге де басқармалар жол бермес үшін өз ұсыныстарын айтты. Департамент басшысы нысандарды тексеру барысында көрілетін әкімшілік шараларды дұрыс қолдану, мемлекеттік тапсырыс жоспарларын құруға қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің абыройына нұқсан келтіруден аулақ болып, Заң шеңберінде жұмыс істеуге шақырды.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Previous Post

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Next Post

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі