13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«АУТИЗММЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН…»

11 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
«АУТИЗММЕН АУЫРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ АРТҚАН…»
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Оңтүстік медициналық академиясының ғимаратында «Психиатрия мен тәуелділіктің заманауи аспектілері» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің мамандарына арналған семинар басқа жиындарға қарағанда ерекше форматта, өзекті тақырып аясында ұйымдастырылған.
Жалпы елімізде психикалық бұзылулар мен тәуелділіктерді диагностикалау, емдеу және олардың алдын алу бойынша жұмыстар жиі жүргізіліп келеді.
Дегенмен, соңғы жетістіктер мен инновациялық тәсілдерді талқылау үшін психиатрия және наркология саласындағы жетекші сарапшылар мен спикерлердің тәжірбиесі қажет. Сондықтан Психикалық денсаулық орталығының жетекшілігімен өткен семинар дәл осы мәселелер аясында болды.
Семинарға ДДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық бюросының психикалық денсаулық жөніндегі Еуропалық коалициясының консультанты, Шығыс Еуропа елдеріндегі Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастықтың өкілі, жоғары санатты психиатр дәрігері Николай Негай және м. ғ. д. профессор, ҚРМУ НУО психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі С. З. Ешімбетова, білікті дәрігер невролог Назира Асанқызы қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Аутизм дертінің балалар арасында мұншалықты көбейіп кетуіне не себеп? Мамандар «аутизмі бар балаларға ерте жастан диагноз қойылып, дер кезінде психологиялық-педагогикалық көмек алмауы» дейді. Себебі жастайынан емделген балалардың 60-70%-ы қоғамға бейімделіп, тез сіңіп кетеді
Қазіргі таңда Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға көмек көрсететін 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 18 оңалту орталығы жұмыс істейді. Аутизм спектрінің бұзылуына ұшыраған балаларға 44 арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарда және 9 аутизм орталықтарында психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АЛҒАШҚЫ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ

Next Post

Екі ел арасында тарихи байланыс нығая түспек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі