13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ 24,3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ 24,3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 145 кәсіпорны 10,6 мың жұмыскерге 1,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 4,2 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 139 ұйғарым берілді және 17,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 8,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 895,6 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 маусымдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 954 тексеру жүргізді, оның барысында 4 197 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 3 186; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 961; халықты жұмыспен қамту бойынша – 50.

Жұмыс берушілерге 1 760 ұйғарым беріліп, 234,4 млн теңге сомасына 2 311 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 15,4 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Шымкент қалалық сотында Ашық есік күні өтті Іс-шараға БАҚ өкілдері мен қорғаушылар ҮЕҰ және медиаторлар қатысты. Жиынның мақсаты Сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы өзгерістерді түсіндіру дейді ұйымдастырушылар.

Қоғамда ең үлкен резонанс тудырған мәселе — заңсыздық. Осылай деген Шымкент қалалық сотының Әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының судьясы Бахтияр Патшаханұлы соңғы өзгерістер сот саласындағы тараптардың құқығын қорғауға және әрбір азаматтың өз құқығын білуге оң нәтиже беретіндігін айтты.
— Мұндай проблемаға тап болғандар енді тікелей аппеляциялық соттан кейін кассциялық сотқа жүгіне алады. Бұл дегеніміз, сот шешімімен келіспеген жағдайда әрбір азамат кассациялық сотқа бара алады деген ұйғарым. Әрбір тарап өз құқығын пайдалана отырып, әділ шешімге қол жеткізуін көздейді. Бұл жүйе Халықаралық стандартқа сай жасалған. Халықтың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған жұмыстардың бірі, — дейді Бахтияр Патшаханұлы.

Жиынға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Previous Post

Шымкент: Аппараттық мәжіліс: Шымкентте бірқатар мәселелер қаралды

Next Post

Шымкентте құрбандық шалатын орындар белгіленді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі