13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРДЫ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

10 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРДЫ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізді.
Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі.
Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады.
Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер «Білім туралы» Заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілді
Азамат Апахаев, ҚР ТСМ бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы: — Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер «Білім туралы» заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілген.
Бұдан бөлек, түзетулермен кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу және балалардың кезектен шығуы себебінен кему жағына қарай және осы ваучерлерді өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжуы көзделеді. Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілінің аты-жөні, өтініштің берілген күні, спорт секциясының түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАНҒА КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖӨНІНДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС БОЛАШАҚ ҮШІН ҚАЖЕТ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі