13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛҒАНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

9 июня, 2024
in Uncategorized
0
АЗЫҚ-ТҮЛІК САТЫП АЛҒАНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Share on FacebookShare on Twitter
Азық-түлік базары – аумаққа шаруашылық қызмет көрсету, басқару және қорғау функциялары орталықтандырған, сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекаралары шегінде автокөлік құралдарының тұруына арналған алаңмен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерін өткізу жөніндегі сауда базары. Бүгінгі таңда облыс көлемінде жалпы 43 азық-түлік базары бар. Қазіргі таңда оның екеуі уақытша жұмыс істемейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі туралы» бұйрығына сай базарлар эпидемиялық мәні болмашы объектілер тізіміне енгендіктен, аталған нысандарға тек азаматтар тарапынан арыз-шағым, өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Азық-түлік базарларында күнделікті бақылау жүргізу және жабайы базарларды ретке келтіру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзіретіне жатпайды. Көшелер бойын түбегейлі жаулап алған саудагерлердің заңсыз, жабайы сауда-саттығына тосқауыл қойып, ретке келтіру қазіргі таңда қиын мәселе. Ал, жабайы сауда орындарында сатылатын азық-түлік өнімдерін сату кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы халық арасында тамақтан уланудың және түрлі жұқпалы аурулардың туындау себебі болуы мүмкін. Өз кезегінде Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті рұқсат етілмеген сауда орындарында азық-түлік сатып алмауды ескертеді.

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары Искаков Аскар Бекболатұлы

Previous Post

Тәтті сусын көп ішетін адамдарды не күтіп тұр?

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЕТ ЭКСПОРТЫНАН КӨШ БАСТАП ТҰР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі