Сарыағаш ауданы, «Жылға» бастауыш партия ұйымында партияластармен «Zoom» бағдарламасы арқылы жиын өтті.
Эфир барысында «Nur Otan» партиясының Сарыағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттары түсіндіріліп, саяси науқан барысында ұйымның атқарып отырған жұмыстарының есебі тыңдалды. Орталық аппараттан келген үгіт-насихат жұмыстарының жаднамалары мен тиісті үгіт материалдары талапқа сай орнатылуы жайлы белсенділердің жұмыстары нәтижесінің арқасында округ аумағындағы тұрғындар толық қамтылып жатқаны айтылды.
Сарыағаш ауданы бойынша дамудың жеті басымдықтары:
- Экономикалық тұрақты аудан;
- Ыңғайлы аудан;
- Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;
- Жастарға арналған аудан;
- Тарих пен мәдениетті дамыту;
- Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;
- Қауіпсіз аудан.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
Баса назар аударылған бағыттардың бірі жастар жайы. Мұнда жастар – мемлекеттің болашағы екені ерекше айтылып отыр. Сарыағаш ауданында 50 мыңнан астам жастар бар. «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 305 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай (тұрғын үй сатып алуға несие және көтерме жәрдемақы беру) жасауға; ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдары арасында меморандумдар жасау арқылы 2 мың жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге; «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамалары бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін ашуына жыл сайын 15-тен кем емес гранттар ұсынуға; барлық ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына;еріктілердің желісін кеңейтіп, 2900 жастардың қамтылуымен 250 іс-шара өткізуге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
Жиын соңында бастауыш партия мүшелері, бағдарламаның жастар үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда барша «нұротандықтарды» белсенді жұмыс ақтаруша шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді