13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

8 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ БІРНЕШЕ НЫСАНДАРДА БОЛЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында сала мамандарымен бірге Қаратау ауданындағы Таңбалытас көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы, жауапты мердігер ұйым тарапынан асфальт төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Жақын күндері көлік қозғалысына ашылатын да болады.
Сондай-ақ әкім Тұран ауданындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығында болды. Апатты жағдайдағы ескі ғимараттарды қарап шыққан қала әкімі, ондағы сүру жұмыстарын, балаларға арналған қосымша үйірмелер орналастырылатын жаңа ғимараттарды салу мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.
Одан әрі «Металлург» спорт кешенінің, «Дархан» сауда нүктесінің және «Ontustik» телеарнасы ғимараттарының жағдайымен де танысып, жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Әкім аралау жұмысы барысында Қазыбек би көшесінің, Шәмші Қалдаяқов атындағы гүлзардың санитарлық жағдайын, «Көлді» және Жібек жолы-Сайрам көшелерінің қиылысындағы жаңа серуендеу аймағын абаттандыру жұмыстарын да бағамдады.
Аралау және жол құрылыстарын тексеру барысында қаланың көлік жүйесін дамыту мақсатында Қайтпас шағынауданындағы Алтынсарин көшесін Тұран шағынауданына дейін кеңейту және тесу жобасы қаралды. Бұл жобаның нәтижесі көлік ағынын, жүктемені реттеуге үлкен мүмкіндік беретін болады. Осы кезде Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі теміржол вокзалының жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде.
Қала көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған.
1968 жылы салынған ескі вокзалдың жалпы ғимарат алаңы 1 770,2 шаршы метрді, жолаушыларды өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың жолаушыны құраса, бүгінде қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының аумағы 2 249,33 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артты. Сондай-ақ, жолаушыларды күту залының аумағы 898,3 шаршы метрден 1 982,3 шаршы метрге дейін артты.
Жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай 2 күту залы және екінші қабатта фудкорт қарастырылды. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалды.

Previous Post

БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ ШЕШІМІНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛЫП 100 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

Next Post

«ҚАЗЫНА» БИ АНСАМБЛІНІҢ ҚОРЖЫНЫНДА 185-КЕ ЖУЫҚ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БИЛЕРІ БАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі