13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

3 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер президенттерінің сыртқы істер жөніндегі көмекшілерінің/кеңесшілерінің бейресми 2-ші кездесуі өтті.

Басқосуда қазақ делегациясының басшысы Ержан Қазыхан Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы барысы туралы баяндап, елімізде жоспарланған бірқатар іс-шараларға, атап айтқанда адам ресурстары, әділет және көлік министрлерінің, сондай-ақ жоғарғы соттардың кездесулеріне тоқталды.

2024 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыруды қайта растап, тараптардың белсенді қатысатынына үміт артты.

Бұдан бөлек, жасыл экономика, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту, сонымен бірге Ұйым Хатшылығын институциализациялау және оның халықаралық сахнадағы беделін арттыру бойынша пікір алмасылды.

Жиын қатысушылары ТМҰ қызметін күшейту мақсатында тұрақты байланыстарды жалғастыру, сондай-ақ биыл Шуша және Бішкекте жоспарланған саммиттердің сапалы пысықтау маңыздылығын атап өтті.

Е.Қазыхан Ұйымның төрағасы К.Омуралиев және Әзербайжан Президентінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі Х.Гаджиевпен кездесіп, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, көлік-логистиалық бағыттарды дамыту және өзара сауда-экономикалық әрекеттесу жолдарын талқылады. Ал Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу мақсатында Минскіге барды.
Сапар барысында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті. Сауда-экономикалық, өнеркәсіп, АӨК, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Екіжақты тауар айналымы былтыр $912 млн-ды құрады. Сауда ағындарын әртараптандыру және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту шаралары қаралды. Қазақстан шамамен $265 млн сомасына 105 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын.

Previous Post

Олжас Бектенов Минскіде ЕАЭО елдерінің үкіметтер басшыларымен халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін талқылады

Next Post

Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі