13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті

3 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатыр. Олардың арасында қарапайым азаматтар, әйелдер мен балалар бар. Миллионнан астам бейбіт тұрғын қиын жағдайға тап болды. Барлық негізгі халықаралық ұйымдар Палестинадағы гуманитарлық ахуалды мүшкіл деп атады. Шын мәнінде, апатты жағдай шегіне жетуге таяп қалды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы бұл мәселеде Қазақстан өз ұстанымынан ешқашан айнымайтынын тағы да растады. Оның айтуынша, ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі – «қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасын Шығыс Иерусалим деп белгілеп, Палестина мемлекетін құру. Сонымен қатар Президент палестиналықтардың Ұйымға мүше болу құқығын мойындау туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының биыл 10 мамырда қабылдаған қарарын құптады. Осы кезде Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында халықаралық «Ipek Yolu» балалар және жас таланттар өнер фестивалі өтті. Түркия Республикасының «Maltepe Üniversitesi Konservatuvar», Халықаралық «Ipek Yolu» балалар фестивалінің Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына қатысқан Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Мейірхан Рахым жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін Гран-при иегері атанды.
Халықаралық байқауға әлемнің барлық мемлекеттерінен талантты жастар қатысып, бақ сынады. Сарапшылар кішкентай өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауына, дауыс ырғағына, сезімталдығына баға берді. Ұстазы, музыка пәнінің мұғалімі Татьяна Матвееваның қолдауымен, әуезді дауысымен, өнерін шыңдай білген жас талант иесі бас жүлдені жеңіп алды.

Previous Post

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі