13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтуде

3 июня, 2024
in Жаңалықтар
0
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланың Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

 

2024 жылғы 2-4 маусым аралығында Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланың Қазақстанға, атап айтқанда Алматы қаласына алғашқы ресми сапары өтуде.

Сапар аясында бүгін ДСҰ басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Сонымен қатар ол Орталық Азия елдері мен Әзербайжан Республикасы сауда министрлерінің деңгейіндегі Сауда бойынша халықаралық форумға қатысады және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен кездесу өткізеді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблея Кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырыстары туралы
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) төрағалық етеді.

Төрағалығымыз аясында жақын арада Алматыда ҰҚШҰ бағыты бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Осылайша, 2024 жылғы 3 маусымда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді. Отырысқа ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің делегациялары қатысады.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов басқарады.

Талқылау тақырыбы Ұйым шеңберіндегі парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері болады.

2024 жылғы 6 маусымда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің кезекті отырысы өтеді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы – ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің төрағасы Ғизат Нұрдәулетов басқарады.

Іс-шара барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіп-қатерлеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарау, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстан Республикасының басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысын талқылау жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы туралы
2024 жылғы 3-4 маусымда Несвиж қаласында (Беларусь) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Еуразиялық экономикалық одаққа (Одақ) мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен бірлесіп Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (Кеңес) кезекті отырысына қатысады.
Шақырылған қонақтар ретінде Әзербайжан Премьер-министрі, ТМД Атқарушы хатшысы, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалау блогының атқарушы директоры қатысады деп күтілуде.
Кеңес отырысының күн тәртібі кедендік реттеу, көлік және логистикалық салалардағы өзара іс-қимыл, оның ішінде жүк темір жол тасымалдарын цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір атаулары бойынша индикативтік теңгерімдерді қалыптастыру, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік, Одаққа мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының қызметі және басқа да өзекті тақырыптарды қоса алғанда, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттарын қамтиды.
Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан Одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін есептеудің жаңа, өзектендірілген әдістемесін талқылауға ерекше назар аударылатын болады.
Беларуське жұмыс сапарының ресми бағдарламасы аясында
3 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Кеңестің басқа қатысушыларымен бірлесіп «Белагро – 2024» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысады.
Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенаты Спикерінің Қазақстан Республикасына ресми сапары туралы
2024 жылғы 3-5 маусым кезеңінде Қазақстан-Мысыр қатынастары тарихында Мысыр Парламенті Сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразектің Қазақстанға алғашқы ресми сапары өтеді.
Сапардың мақсаты – саяси диалогты нығайту, парламентаралық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылау.
Сапар барысында оның еліміздің басшылығымен кездесулері жоспарланған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Мәулен Әшімбаевпен және Ерлан Қошановпен келіссөздер өтеді.
Түркі елдері Парламенттік Ассамблеясының 13-ші пленарлық отырысын өткізу туралы
2024 жылғы 6 маусымда Баку қаласында (Әзербайжан) «Түркі әлемі үшін жасыл көкжиектер: парламенттердің жасыл күн тәртібіне қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында Түркі елдері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) 13-ші пленарлық отырысы өтеді.
Іс-шараға Қазақстаннан Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған парламенттік делегация қатысады.
Отырыс қорытындысы бойынша Баку декларациясын және ТүркПА-ның басқа да бірқатар құжаттары мен есептерін қабылдау жоспарлануда.

Previous Post

БАЛАЛАР ЖАСЫНДАҒЫ АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Next Post

Қазақстан Үкіметі құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі