Қазақстан халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін барынша қолдайды.
Ақ үйдің Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіру жайлы негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптаймыз.
Ұсынылған шаралар жүзеге асырылған жағдайда, олар бейбіт тұрғындардың қазасы мен құрбандар санын тоқтатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірде бейбітшілік орнауының алғышарты бола алады деген үміт білдіреміз.
Ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим деп белгіленген Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Алуа Надирқұлованың төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кезекті отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде БҰҰ Комитетінің әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі ұсынымдарын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар талқыланды.
Іс-шараға Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, мүдделі министрліктердің өкілдері, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ алаңның қонақтары –
БҰҰ Даму Бағдарламасының, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің өкілдері қатысты.