13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жалғызбасты ана Үкіметтен көмек сұрайды

27 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter
https://13kz.kz/wp-content/uploads/2020/12/ARYS_DANE_WHATSAPP.mp4

Дане Нұрлыбаева — Арыс қаласының тұрғыны. Жалғызбасты ана жарылыстан зардап шеккен үйін 2 жылдан бері жөндете алмай отыр. Алғашқы жылы қақаған аязда баспанасында қыстап шыққан. Ал биыл мұнда өмір сүру мүмкін емес дейді. Сондықтан жас балаларымен бірге туыстарының үйін паналауда.

Дане Нұрлыбаева
жалғысбасты ана
Мынау 2019 жылы жарылыс болғанда соңына таман Шөкеев мырзаның өзі келген. Келіп көріп, айналасындағы құрылыс бөліміндегі мамандарға жақсылап жасап беріңдер деп айтты. Сол сөзді ұстап алған, құрылыс фирмалары айтады сіздің үйге Шөкеев келген, Шөкеев келген дейді. Шөкеев келсе немене жұмыс істеме деді ма сіздерге деймін да. Керісінше жақсылап істеп беріңдер деді. Мен биыл екінші қыс осы мұздай үйде отырмын. Былтыр амалдап шыққам. Биыл 20 қарашадан кейін отыру мүмкін емес мұнда. Әр үйге барам. Нағашыларымның үйіне барам, әпшелерімнің үйіне барам. Екі балам жаурап қалмасын деген ойым. Әйтпесе, өзім отыра берер едім бүрсеңдеп тұрсам да. Мойындағысы келмейді.

Дане Нұрлыбаеваның үйін жөндеп беру Алматы облысына жүктелген. Бірақ құрылыс жұмыстары әлі күнге аяқсыз қалып отыр.

Дане Нұрлыбаева
жалғысбасты ана
Жоғары биліктен сұраймын мен ертерек үйімді бітіріп берсін. Мен әркімнің үйінде жатуға мүмкіндігім жоқ. Жаңағы айтып жатыр ғой «Мемлекет әр адамның үнін тыңдайды» деп. Соған сенеміз. Жасап берсін әлі де үйімді. Менің шығындалатын шамам да жоқ. Өзім жалғызбасты анамын.

Жалғызбасты ананың жағдайы белгілі заңгер, Айгүл Орынбекке де таныс. Қоғам белсендісі «Халықтың үнін тыңдаушы мемлекет» екеніміз рас болса, билік бұл кісінің мәселесін шешіп беру тиіс деп есептейді.

Айгүл Орынбек
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі

Ал осындай мәселелерді көтеріп жеткізгің келсе, біз сияқты адамдарға қысым жасайды. Немесе басқа жағынан қысады. Немесе бізді бопсалаушы қылып көрсетеді. Ал шынында да мен осындай кісілердің жағдайын көрсетемін деп мен қазір оппазиция болып отырмын әкімдік тарапынан немесе бопсалаушы болып көрініп отырмын. Ал өздерінің қарт аналары шенеуніктердің Алматы облысы Батталов мырза сіздің қарт анаңыз осындай жағдайда отыратын болса, Шөкеев мырза келіп көріп кетті деп жатыр, Шөкеев мырза сіздің анаңыз осындай жерде отыратын болса сіз қалай отыратын едіңіз?Айтыңызшы… Сөйтіп отырып біз естуші мемлекетпіз деп Президенттің алдында 100 пайыз бітіп қойған деп есеп бересіздер. Ұялмайсыздар ма? Мен ұялып отырмын сіздердің аттарыңыздан мына кісінің алдында дәл осы мәселені көтеріп тұрғанға да тіпті.

Жалғыз басты ананың жағдайы осыдан 5 ай бұрын да көтерілген. Сол кезде Арыс қаласының әкімі мән-жайды анықтаймын деген еді.

Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкімі
Арыс жаздағы материал
Ол үйді мен есімде жоқ қазір, барып көрсем айтайын.

Бірақ арада қанша ай өтседе бұл мәселеге қатысты нақты жауап бере алмады.

Мұрат Қадырбек
Арыс қаласының әкімі
Қаншама үй бар да сондықтан сіздердің қай үй туралы айтып жатқандарыңызды түсініп тұрғаным жоқ.

Жергілікті биліктен көңілі қалған жалғызбасты ана, үнімді Үкімет басында отырғандар естісе деп үміттенеді.

Previous Post

Туркестан: Кандидаты-нуротановцы обошли магазины, разъяснили программу

Next Post

Үміткерлер БАҚ өкілдерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі