Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әдеп жөнідегі уәкілі Закридин Әлімқұлов Түркістан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында болып, ондағы мамандармен кездесті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық, әдеп, тұрмыстық зорлық-зомбылық, діни экстремизм және лудомания сынды бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыланды.
– Бүгінгі таңда қоғамдық проблемаға айналған сыбайлас жемқорлықты жоюға әрбір мемлекеттік қызметші атсалысуы тиіс. Әр маман өзінен бастап елге адал қызмет көрсету, кез келген жағдайда әдепті және қарапайым болуға әрекеттену қажет. Бұл – ең басты талап. Жұмысшыларға қолайлы орта жарату арқылы елге сапалы қызмет көрсете аламыз. Ол үшін отбасымыздағы тыныштық, берекені сақтай білуіміз керек. Сонда ғана жұмысымыз өніп, нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз, — деді Закридин Нұрханұлы.
Жиын барысында қазірге таңда өзекті тақырыпқа айналып жатқан лудомания және діни экстремизмнің қасіреті жайында әңгіме өрбіп, мамандар тарапынан қойылған сұрақ, ұсыныс пікірлерге жауап берді. Жиынды қорытындылаған Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әдеп жөнідегі уәкілі басқарма мамандарына қызмет алушылармен және тұрғындармен диалогқа түскенде мейлінше кішіпейіл болуға шақырды. Сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілінің әдеп нормаларын сақтауға үндеді.
Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі