Шымкентте масаларға қарсы залалсыздандыру жұмысы басталды. Жоспарға сәйкес, аталған жұмыс 3 маусым мен 13 маусым аралығында жүргізіледі. Бүгінде жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылып жатыр. Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып танылған «SATTI TULIK» ЖШС жүргізуде. Ал жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері залалсыздандыру шарасын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті,- дейді мамандар.
Қосымша ақпар, биыл масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 101 109,7 мың теңге көлемінде қаржы қаралған.
Масаларға қарсы жылына 4 рет ( маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі мүмкін) 1 355 200 шаршы метр өзен-каналдар, су қоймасы аумағын, 2 377 495 шаршы метр саябақтар аумағын, 1 223 666 шаршы метр гүлзарлар мен аллеялар аумағын залалсыздандыру жоспарланған.
Айта кетсек, Шымкент қаласының аумағындағы жалпы саны 45 гүлзар мен аллея, 12 саябақ (2 377 495 ш.м), 35 өзен және канал, 2 су қоймасы (1355 200 ш.м) аумағына масаларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.