13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Дархан Сатыбалды Қытай инвесторларымен бірлескен жобаларды талқылады

30 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Дархан Сатыбалды Қытай инвесторларымен бірлескен жобаларды талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасына, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жоба аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. Бұл жоба Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді.

Қытайдың іскер топ өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді. Басқосуда өңір басшысы Қытай елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, тері өңдеу, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар білім саласы бойынша жаңа жобалаларға қатысты ұсыныстар айтылды. Көршілес елден келген инвесторлар аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді.

– Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Өңіріміз арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі шешуші рөліне назар аударып, оны экономикалық және технологиялық дамудың локомотиві ретінде атап өтті. Осы бағытта жұмыстарға күш салып, облыс аумағында қытайлық компаниялардың қатысуын арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз облыстымызда жұмыс істеуге келген әр инвесторға жағдай жасаймыз. Мен өзім әр инвесторға өзімнің жеке телефон нөмірімді беріп, өзім хабарласып отырамын. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды.

Қытай делегациясы тарапынан да бірнеше жобалар ұсынылды. Ең алдымен халық сұранысына сай салаларға бет бұратындарын атап өтті.

Previous Post

Парламентке Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы ұсынылады

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі